Жалпы мектеп ішілік ата-аналар жиналысы
2011 жылғы 14 қарашада сағат 18.00-де № 14 ЖОМ мәжіліс залында жалпы мектеп ішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Конфессионалды мемлекеттің саясаты және діни экстремизм көзқарастырының деструктивті маңызы мен тоталитарлық секта.
2. 1-тоқсан қорытындысы;
3. Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу;
Өз сөзінде мектеп директоры Әлия Әшкенқызы Әжібаева ата-аналардың өз балаларының бос уақытын қадағалау мәселесіне кеңінен тоқталып өтті. Қазақстанда болып жатқан соңғы оқиғаларға ата-аналар қатты алаңдаулы және сол оқиғалар жөнінде көптеген сұрақтар ата-аналар тарапынан туындады.