«Аз-аздан үйреніп дана болады, Тамшыдан жиылып су дария болады».
Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығымен бірігіп, өлкетану бағытында жұмыс жасалуда. Бұл өлкетану жұмысы М-Ж. Көпейұлының асыл мұрасын мектеп оқушыларына таныту, білімдерін кеңейту және де отансүйгіш, патриоттық сезімін ояту мақсатында жүргізіліп отыр.
Әр тамшы тіршіліктің жалғасуына бір септігін тигізеді. Ал бүлдіршін аз-аздап үйренсе үлкен бір белестерден көрінетіні сөзсіз. Осы мақалды мақсат етіп, «мәшһүртану» үйірмесін жүргізіле басталды. Біздің мектептің 3-4 сынып оқушылары өлкетану үйірмесінің жас мәшһүртанушылары болып табылды. Қазіргі таңда Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебінің 23 кабинеті М-Ж. Көпейұлына арналып, жұмыс жасалуда.
Елін, жерін ойлайтын жас азаматтарды тәрбиелеу, бұл ұстаздың борышы.