Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
График приема: Вторник, четверг с 16.00 до 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Аз-аздан үйреніп дана болады, Тамшыдан жиылып су дария болады».
17-02-2012 06:08

 

 
Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығымен бірігіп, өлкетану бағытында жұмыс жасалуда. Бұл өлкетану жұмысы М-Ж. Көпейұлының асыл мұрасын мектеп оқушыларына таныту, білімдерін кеңейту және де отансүйгіш, патриоттық сезімін ояту мақсатында жүргізіліп отыр.
Әр тамшы тіршіліктің жалғасуына  бір септігін тигізеді. Ал бүлдіршін аз-аздап үйренсе үлкен бір белестерден көрінетіні сөзсіз. Осы мақалды мақсат етіп, «мәшһүртану» үйірмесін жүргізіле басталды. Біздің мектептің 3-4 сынып  оқушылары өлкетану үйірмесінің жас мәшһүртанушылары болып табылды. Қазіргі таңда Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебінің 23 кабинеті М-Ж. Көпейұлына арналып, жұмыс жасалуда.
Елін, жерін ойлайтын жас азаматтарды тәрбиелеу, бұл ұстаздың борышы.