«Әлем» қоғамдық бірлестігімен бірге №14 ЖОББМ-нде 2016 жылдың 6 казан күні жоғары сынып оқушыларына арналған № 4, 5, 14, 17 «Отан қорғаушылар» атты ерлік сабағы өтті. Оқушылар алдында №14 ЖОББМ-нің АӘД оқытушысы «Панфиловшылар» отрядының жетекшісі Утепов Б.К. сөз сөйледі. Ол Мәскеу облысы Волокамск ауданында ізденіс отрядының жұмысы туралы әңгімеледі. 1941 жылы қараша айында 251м биіктігіндегі генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен 316 мерген девизия солдаттары, сержанттары, офицерлері ерлікпен шайқасқаны туралы айтты. Оқушылар алдында тағы да соғыс-патриоттық бағдарындағы Павлодар облысы интернационалист-жауынгерлер Кеңес төрағасы Майкотов Б.К., Қалалық соғыс-патриоттық орталығының төрағасы Карабаев Ж.К., №17 ЖОББМ-нің АӘД оқытушысы Омаров Д.Б. сөз сөйледі.
![1](/media/img/blogs/215114978.jpg)
Содан кейін мектеп мұражайында 10 А сынып оқушылары Жданова А., Кондратюк В., Шевченко Е. біздің жерлестеріміз А.Баймульдин, П.Дубовой Псковск облысында ерлік көрсеткендер туралы және 100, 101 қазақстандық және 8 гвардиялық Панфилов дивизия жауынгерлері Ұлы Отан Соғысы жылдарында ғажайып ерліктерімен таныстырып өтті. Қонақтар мектеп мұражайындағы Ұлы Отан Соғысы жылдарынан қалған жәдігерлермен таныстырды көрсетті.
![3](/media/img/blogs/550260130.jpg)
![2](/media/img/blogs/1441039467.jpg)