Павлодарлық жауынгерлік «Панфиловшылар» ізденіс отряды құрамында №14 ЖОББМ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Қ.Утепов бар. Бұл ізденіс отряды Мәскеу облысы, Волоколамск ауданы Гусенёво ауылына жол тартты. Бұл жерде 1941 жылы 316 атқыштар дивизиясының генералы И.В. Панфилов қаза болған. Қазақстандық және Ресейлік ізденісшілері Кеңес Одағының Батыры генерал И.В. Панфилов бейітіне гүл шоқтарын қойды.