Телефон доверия
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Адрес: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Кішкентай Батыр
26-02-2019 16:45
Кішкентай Батыр

Қаһармандар!?Олар кімдер?Жастар арасындар осындай сауал қойылса,көбі мультфильмдегі «супер қаһармандарды»мысалға келтірер еді: Өрмекші адам,Капитан Америка ж/е т.б. олар «суға батпайды,отқа жанбайды:шын мәнінде қаһарман-қарапайым адам,шұғыл жағдайда басқа адамның өмірін қорғап қалады.Шанайы батылдық пен ерлікті айналасындағылар білу керек.

Бұл жағдай бірнеше апта бұрын орын адлы . №14 ЖОМ-нің 5 «ә»сынып оқушысы Сулейменов Рамазан сыныптасы Алдияр екеуі спорттық  дайындықтан соң, үйге қайтып келе жатқан.Кенет алдарынан үлкен ит шығады.Оқушылар артына қарай шегініп,Алдияр табан астындағы мұзды байқамай құлап түседі.Ит оны айнала бастады.Барлығы өте тез арада болды.Көше бос болатын,өтіп жатқан машиналар қатары да өте аз болатын. Рамазан өте «шұғыл» қимылдады.Иттің досына шабатынын біліп,итті итеріп жіберіп,төменгі қабаттағы терезелерді қағып көмекке шақырады.Нәтижесінде бір адам көмекке жүгіріп шықты,бір машина тоқтап,жүргізуші көмекке келіп,полиция шақырды. Рамазанның қолы мен саусақтарын ит қауып алып,ол ауруханада реабилитациялық курс өтті.

   Шынайы қаһармандар-қарапайым адамдар.Олар даңқ іздемей,арамызда өмір сүреді.Оларды қаһарман ететін жұмсақ жүректері,ал жасаған істері-мадақ пен марапатқа тұрарлық.