Биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бір ай бұрын басталып, 2019 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және басқа да көмек көрсету.
Шілде айынан бастап №14 мектепте оқитын 30-дан астам балаға демеушілік көмек көрсетілді.«Бұл біздің балаларымызға жасалған үлкен көмек және қолдау», - дейді мектеп оқушыларының ата-аналары және демеушілердің көрсеткен қамқорлығы үшін үлкен ризашылықтарын білдіреді: «Орби» дүкені - Наталья Борисовна Лебедева, «Элегант-Павлодар» ЖШС Назиров Джамшед Ахаджонович, "ШИК" дүкені - Уразалинова Гүлнар Рүстемқызы, Алматы бағалары дүкенінің бастығы - Байболатов Сержан Тұрсынбайұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы - полиция полковнигі Орумбаев Жандос Болатұлы, ЖШС "ЮНИХИМ" - Рагулин Игорь Николаевич.
Мектеп әкімшілігі «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысқандардың барлығына алғыс білдіреді.