"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" тақырыбындағы сынып сағаты
Тәрбие жоспарына сәйкес 4г сыныбында "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" тақырыбында сынып сағаты өтті. Салт-дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа берілуде, бұл ұлттың нағыз қазынасы болып табылады. Сынып сағаты танымдылық, қызығушылық түрінде өткізілді, слайд көрсетілді, сонымен бірге, қолдан жасалған ұлттық тұрмыс құралдары ұсынылды. Оқушылар қазақ халқының ұлттық ойындарымен, салт-дәстүрлерімен, үйімен, киімімен танысты. Соңында "Менің Отаным - Қазақстан" өлеңі оқылды.