Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
4-сыныптар параллелінде онлайн режимінде конкурстық бағдарлама өткізілді
05-11-2020 23:40
4-сыныптар параллелінде  онлайн режимінде конкурстық бағдарлама өткізілді

Бүгін күзгі каникул кезінде Павлодар қаласының №15 ЖОБМ-нің 4-сыныптар параллелінде  онлайн режимінде конкурстық бағдарлама өткізілді. Балалар ертегілері - бұл балаға қызық, сонымен бірге, баланың тәртібін түзетуге көмектесетін, оның психологиялық проблемаларын шешуге көмектесетін психотерапияның тамаша құралы болып қана қоймай,  ойдан шығарылған әңгіме ғана емес. Ертегілер баланы қызықтырып, оны ертегі кейіпкерлерімен бірге белгісіз әлемге апарады. Аталмыш шара балаларды бастауыш мектепте адамгершілілкке тәрбиелеу бойынша сабақтар сериясына жатады. Басында жаттығу болды. Одан соң ойлау тапсырмалары есте сақтау тапсырмаларымен, қимылмен, аңғарымпаздықпен  кезектесіп отырды. Шара басырында оқушылар мейірімділіктің қатыгездікті әрдайым жеңетініне тағы бір рет көздерін жеткізді. Қойылған міндеттердің барлығы жүзеге асырылды. Ертегімен кездесу балаларға жаңа әсерді сезінуге мүмкіндік  берді, ал бұл күнделікті жалықтыратын істен шығудың жақсы тәсілі.  Осындай жеңіл эмоциналды әрекеттер бала психикасының қалыптасуына өте пайдалы және баланың жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді.