Сынып сағаты өтті
Павлодар қаласы №15 мектебінің 4б- сыныбында өткен сынып сағаты Тұңғыш Президент күніне арналды, оның мақсаты балаларды еліміздің дамуы мен құрылуының тарихи жағдайларымен таныстырып, Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз ҚР құрудағы маңызды рөлін ашу және Президентімізге деген мақтанышты, Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілікті тәрбиелеу болды. Балалар Президент болу үшін оның өмірбаяны мен қиын жолы туралы білді.
Н.Ә.Назарбаев мектеп қабырғасынан бастап көшбасшы болған, әрдайым мұғалімдерге көмектесіп, сыныптастарына көмек көрсетуге ешқашан қарсылық білдірмеген. Ол дана және көреген саясаткер болды, экномикалық дамудың дұрыс жолын таңдай білді. Еліміз зор табыстар мен өзгерістерге қол жеткізді.