Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Шымырлық пен шеберлік»
20-03-2021 15:17
«Шымырлық пен шеберлік»
Жер-ананың бусанып, төңіректегі тіршіліктің жаңарған шағында тойланатын Наурыз мейрамының кең форматта аталуы өте қуанарлық жайт..  Наурыз мейрамының онкүндігінің бұл күні ұлттық спорт түрлеріне арналған. Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады.
          Соның ішінде атаулы күндердің бірін «Шымырлық пен шеберлік» деп аталады. Осыған  байланысты 19 наурыз күні №15 орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен іс- шара өткізілді.  Шара барысында оқушылар ұлттық ойындар туралы, оны ойнау ережесі туралы біліп, өздері 1-2 ұлттық ойын ойнап мәз болды.  Шара ойдағыдай өтті. Балалар тәтті сыйлықтармен және номинациялар бойынша жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
Өткізген:  қазақ тілі мұғалімі  Зкенова Г.Ш.