"Жырлайды жүрек" Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңына мектебімізде ақынның шығармашылығына байланысты шара өткізілді.
"Жырлайды жүрек"
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңына мектебімізде ақынның шығармашылығына байланысты шара өткізілді. Шараға екі ауысымнан оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, ақынның шығармалары арқылы сұлулықты қадірлей білуге үйрету. Оқушылар ақынның өмірі және шығармашылығы жайында ақпарат алды. 5-6-7 сыныптарда кезең – кезеңмен танысқан өлеңдерін еске түсірді.
Сондай ақ, ақынның өз дауысымен оқыған өлеңін және ақынның «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдады.
Соңында жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі:
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз.
Дайындап, өткізгендер: қазақ тілі мұғалімдері Зкенова Г.ш., Зейнуллин Ғ.З.