Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Әулет байланысы және оның дәстүрлері" презентациясы
08-11-2012 06:27

№ 15 мектепте "Әулет байланысы және оның дәстүрлері" шарасының презентациясы өткізілді.

Шақырылғандар:

1) Педагогикалық еңбек ардагерлер Кеңесінің төрағасы Евгения Ивановна Засыпкина.

2) Білім беру қызметкерлерінің Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қарлығаш Ирғалиевна Аштаева.

Берілген шараға қатысқандар: № 15 ЖББМ-ң директоры Б.М.Әндіржанова, Павлодар қ. № 15 ЖББМ ардагерлер Кеңесінің төрағасы К.М.Аргинова, мектеп ардагерлері, сонымен қатар № 15 ЖББМ жас және жаңадан келген мамандар.

Кездесу үшін жауаптылар: № 15 ЖББМ-ң кәсіподақ комитетінің төрағасы А.М.Амерханова, ЖММ жетекшісі З.В.Засько. Берілген шарада жас мұғалімдердің жетістіктері мен ЖММ міндеттері мен мақсаттары туралы айтылды. Мектеп психологы А.А.Хамитова тренинг өткізді. Логопед мұғалімдер А.Д.Амаркулова мен У.Г.Шу «Р» және «С» дыбыстарының автоматизациясы сабағынан үзінді көрсетті.  Білім беру қызметкерлерінің Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.И.Аштаева № 15 ЖББМ-ң директоры Б.М.Әндіржановаға алғыс хат, сонымен қатар жас мұғалімдерге кәсіподақ билетін тапсырды.

Нәтижесінде жас мұғалімдер мен олардың жетекшілерінің қатысуымен «Екі жұлдыз» концерті қойылды. Кездесу шай ішіп әңгімелесумен аяқталды.

Шара жоғары деңгейде өткізілді және қатысқан қонақтар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.