Мектеп мұғалімдері үшін психологиялық тренинг
2012 жылдың 7 қарашасында сәрсенбі күні мұғалімдерге арналған «Өзін-өзі бағалау» психологиялық тренингі өткізілді. Берілген шараны мектеп психологы Алмагүл Аманжоловна Хамитова ұйымдастырды. Біз өзімізді қандай деңгейде бағалайтынымыз туралы диагностика, сонымен қатар «Аттар», «Мен жұлдыз», «Мақтаулар» жаттығулары өткізілді. Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау тренингі сәтті өтті. Мұғалімдер өздері туралы көп мәлімет алды. Алмагүл Аманжоловна тренинг қатысушыларын өзіне қарата алады, зейін қоя тыңдай алады, жағдайдан шығатын іздеу жолдарын тауып ойлануға мұрша береді. Тренинг ашық және сенімді қалыпта өтті. Мұғалімдер үшін бұл шара өзін-өзі тануға өте тиімді мүмкіндік болды.