2012 жылдың 03-08 желтоқсанында жас мұғалім мектебі апталығы өткізілді. Жас және жаңадан келген мұғалімдер ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізді: А.Д.Сакенова, А.М.Жангербаева, А.Д.Ахмарова, Г.Ж.Кульбаева, А.С.Альмухамбетова, А.З.Абжекеева. Логопедтер Т.А.Прокопенко мен А.К. Туртулова "Сөйлеу қызметі бұзылған балаларды оқытуда жеке тәсілін қолдану" семинарын жүргізді. Барлық сабақтар балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере әдістемелік жақтан дұрыс берілді. Электронды оқулықтарды, көрнекі құралдарды пайдалану арқылы сабақта достық қалыптағы қарым-қатынас қалыптасты. Жас маман апталығы шеңберінде ағылшын тілі мұғалімі А.Д. Сакенова 5 "А" сыныбында "Мамандық" атты ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологиялар мен көрнекі құралдар (таратылатын материал) пайдаланылды. Сабақ достық қарым-қатынасында өтті, балалар сабаққа деген қызығушылығы мен белсеңділігін білдірді.
Жас мұғалім мектебі