Бесінші сыныптар үшін "Білгіштер турнирі"
30 қаңтарда Л.И.Ганзиева ұйымдастырған орыс тілін білгіштер турнирі болды. 5 "А", 5"Б" және 5 "В" сынып командалары "Көбелекті тірілту", "Сөзді құрастыр" және "Сөйлемді жинастыр" конкурстарына жақсы қатысты. Ойыншылар тапсырмаларды да нәтижелі орындады. Топтағы жұмыста балалар белсеңділік танытты. Барлық командалар да жарады! Әділ қазылар қатысушылардың білімін, эмоционалдығын, топта жұмыс істей білуін, жеке конкурстарда өзін таныта білуін белгіледі. Қорытынды бойынша 5 "А" сынып 1 орынды иеленді. Құттықтаймыз!