Шет тілдер апталығының мақсаты: оқушылардың пәннен алған білімдерін жалпылау және бекіту, жалпы білім беру деңгейін және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Пәндік апталықтың тапсырмалары:
-Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізу, ұйымдастыру және дайындау арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру
-Оқушылардың жалпы ой-өрісін кеңейту, өздігінен шығармашылық жұмыстарға баулу
Шет тілдер апталығы 2013 жылдың 11-16 ақпан аралығында өтті.
Апта ағымында әдістемелік бірлестіктің әрбір мұғалімі ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоспарлады. Шаралардың жалпы саны - 12, оның ішінде ашық сабақтар - 4, сыныптан тыс шара - 5, конкурстар -3. Негізінде 3 ашық сабақ, 4 сыныптан тыс шара және 3 конкурс өткізілді. Мұғалім А.Д.Сакенованың ауыруына байланысты 2 шара өткізілген жоқ.