Республикалық "Мектепке жол" акциясы
![Республикалық](/media/img/blogs/5222a7f05d9f8.jpg)
Республикалық "Мектепке жол" акциясы шеңберінде біздің мектеп оқушылары олардың тағдырына жаны ашитын ата-аналар, мұғалімдер , меценаттар тарапынан ілтипат пен қамқорлыққа бөленді. "Каустик" АҚ ( басқарма төрағасы Е.А. Орымбаев), "Стройгарант" АҚ (директор В.Ф. Фисюн), "Т.В. Тополь" ЖК ( басшысы Тополь И.В.), "Нұр Отан" ХДП-ның облыстық және қалалық филиалдары, "Павлодар облысының балалар құқығын қорғау басқармасы" ММ ( басшы м.а. Н.В. Нефедова). Акция барысында радио мен теледидардан хабарланып отырды. Мектеп шағын ауданында плакаттар мен бюллетендер ілінді.
Біздің мектеп оқушыларына қол ұшын берген барлық азаматтарға оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер атынан алғыс білдіреміз.