Республикалық "Мектепке жол" акциясы
Республикалық "Мектепке жол" акциясы шеңберінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қол ұшын беруге дайын демеушілермен серіктестік жалғасуда. 1 қыркүйек-Білім күніне арналған салтанатты жиынға басшылар, ата-аналар қатарынан меценаттар шақырылды, мектеп әкімшілігі біздің оқушыларға деген көмектері үшін рахмет айтып, алғыс хаттарын табыстады.