Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Биология, химия, география апталығында 6 "Б" сынып оқушылары биология мұғалімі Р.М. Шарбақбаевамен бірге №36 ЭБЖОББПМ-де орналасқан экологиялық мұражайға барды.
24-10-2013 17:10
Биология, химия, география апталығында 6

Биология, химия, геграфия пәндері апталығы шеңберінде    №15 ЖОББМ-нің 6 «Б» сыныбы оқушылары биология мұғалімі Р.М. Шарбақбаевамен бірге №36 ЭБЖОББПМ –де орналасқан экологиялық мұражайға барды. Мектептің экология мұражайында меңгеруші Данилова Людмила Андреевнамен бірге экскурсовод-оқушылар қызықты және танымдық экскурсия  өткізді.

         Біздің мектептің оқушылары өз аймақтарының тарихынан көптеген пайдалы, танымдық мәліметтер алды. Экскурсоводтар қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа, өсімдіктер және жануарлар әлеміне қамқор болу сұрақтарына көп назар аударды.

         Таң қаларлығы экологиялық мұражайдың бірнеше жылғы қызметі кезінде бай материал мен сирек кездесетін экспонаттар жиналған. Жас экскурсоводтар Павлодар облысы мен Қазақстан Республикасының тарихын, географиясын терең біліммен және өз аймақтары туралы үлкен сүйіспеншілікпен айтып берді.

         Қызықты және танымдық экскурсия ұйымдастырушыларына зор алғыс айтамыз.