Құқықтық білім айлығы шеңберінде 6-шы сынып оқушылары С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға барды,онда"Үлкен заң еліне саяхат.Сен және заң." атты кітапханалық сабаққа қатысты." Кітапхана қызметкері Галимова Рашида Азгатовна балаларды балалар құқығының Жалпы декларациясымен , балалар құқығы туралы айтылатын ҚР Конститутциясымен,бала құқығының Конвенциясымен таныстырды.Сонымен қатар балалар адам құқығы туралы ертегілер мен мультфильмдер көрді.Қабылдау рефлексиясының шарасы жұмбақ ойындар болды. Балаларға кітапханалық сабақ өте ұнады.Олар кітапхана қызметкерлеріне алғыс айтып, алдағы уақытта еңбектерінің жемісті болуына және одан әрі қызметтес болуға тілектестік білдірді.
Сынып жетекшілері балалардың өздерін жақсы ұстағанын және бала құқығы туралы құнды білім алғандарын атап өтті.