Нақты ғылым апталығы.
Нақты ғылым апталығы. Пән апталығы. «Тем, кто любит математику, Тем, кто учит математику» №15 ЖОМ ММ бірінші ауысымның мұғалімдері Ф.М.Абдулкаримова мен Т.К.Шамакина осы сөздермен оқушылар үшін пән апталығын ашты.Салтанатты жиында оқушылар көп қызық фактілерді білді:палиндром деген не, бал арасының неше көзі бар,сандар құдіреті деген не.Көптеген жазушылардың "Барлық ғылымдар патшайымымен" айналысқандарын білгенде керемет таңқалды. Салтанатты жиын алда болатын шараларда табысқа жетуге білдірген тілекпен аяқталды.