![img-20161018-wa0002](/media/img/blogs/2042206439.jpg)
![img-20161018-wa0004](/media/img/blogs/348713338.jpg)
Өткен аптада қазақ тілі пәнінің мұғалімі Уәлиханова Гүлсия Әйтімқызы 5б сыныбына «Киім» атауы деген тақырыпта сабақ өткізді.Оқу ісінің меңгерушісі Айғазинова Ғазиза Макарқызымен бірге сабақ барысына қатыстым.Жалпы мақсаты: қазақтың ұлттық киім үлгісінің нақты баламаларын ұғындыру; салт-дәстүрді жаңғырту;оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылардың жеке -дара ерекшеліктерін ескере отырып, дидактикалық қосымша тапсырмалар берді.Жеке топтық жұмыстар жүргізілді.Тақырыпқа байланысты көрнекіліктерді де орынды пайдаланды.Қорыта келгенде, ұстаз деңгейлік курстан алған әдіс-тәсілдерді меңгеру арқылы тақырыпты барынша ұғындыра білді. Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі: Төрехан Жанаргүл