Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының №15 жалпы орта білім беру мектебінде
19-09-2016 06:16
Павлодар қаласының №15 жалпы орта білім беру мектебінде
img_0106img_0091img_0114 Қазақстан халқының 22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне орай «Тілдер айлығының» салтанатты ашылу рәсімі болды. Мерекеге барлық мектеп оқушылары қатысып, мереке

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым – иманым,

Аманат, саған, аманат!,

деген ұранмен өлеңдер оқылып, ән айтылумен ұласты.

Мектеп кітапханашысы Т.В.Волчоктың ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында «Тіл – өмір өзегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар «Менің сүйікті жазушым», «Алғашқы оқыған кітабым», «Менің сүйікті кейіпкерім» деген тақырыпта өз ойларымен бөлісті.

1-4 сыныптар арасында Гүлняз Шариазденқызы Зкенова «Ана тілім – тілім менің» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Шара тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықпен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрметін, сезімдерін қалыптасытру мақсатында өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, «Тапқырлар», «Білгірлер» топтары өз мәжелеріне жетіп, шара көңілді өтті.

5 сыныптар арасында Төрехан Жанаргүлдің ұйымдастыруымен «Ана тілім – асыл қазынам» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар өз Отанын, тілін дәріптеу мақсатында тіл туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдер оқып, мағынасын,мәнін ашып, талқылады.

8 сыныптар арасында Егінбаева Марал Аманқызының «Қасиет пен құт дарытқан ана тілі» атты дөңгелек үстел өткізді. Шарада оқушылармен ана тілінің қасиеті, тілдің байлығының бәрінен де сенімділігі туралы терең талқыланды.