4 «Қ» сыныбында «Бірлігіміз жарасқан» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар мерекеге арналған өлеңдерін оқып, әндерін айтты. Әр оқушы үйде дайындап әкелген мәтінін оқыды. Берілген тапсырмаларды жақсы көңіл-күймен орындап шықты. Тақырыпқа орай бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырды.