16.03.2016 ж. 4-сыныптар арасында «Өнерлі өрге озар» атты білгірлер сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Елге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушылар екі топқа бөлініп, бес сатыдан тұратын тапсырмаларды орындады. Соның ішінде мақал-мәтелдерді айтты, жұмбақ шешу, ертегілерді сурет бойынша атау, т.б. тапсырмалары бар. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді.