14-18 наурыз күндері аралығында №15 жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиетінің» апталығы өтуде. Апталыққа пән мұғалімдерімен қатар, сынып жетекшілер мен оқушылар белсене қатысуда. Салтанатты ашылу шарасы ІІ ауысымда Қазақстан Республикасының гимнінің орындалуымен ашылды.Шара «Жігер» балалар шығармашылық орталығының ән және би шашуымен жалғастырылды. Салтанатты жиында оқушылар пән бойынша өз білімдерін қанағаттанарлық деңгейде көрсете білді. (сөздік-лексикалық қор, грамматика және мақал-мәтелдер). Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасы айтарлықтай деңгейде екенін көрсетті: «Қазақстан – мемлекеттік тіл», «Менің мектебім» тақырыптарына берілген сұрақ-жауап бойынша белсенді сөз қорын орынды пайдалана алатынын дәлелдеді.