Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)20-91-90, Приёмная 8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодарская обл, г. Павлодар, ул. Ак. Чокина, 32
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник: 15:00 ч. -17:00 ч. среда: 15:00 ч. -17:00 ч.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің әуес ісім – ас дайындау» ашық сабақ
30-10-2015 09:44

28 қазан күні біздің мектепте "Жалпы орта білім беру негізінде психикалық дамуының кешеуілі бар балаларды оқыту мен тәрбие берудің жаңа әдістері" тақырыбында қалалық семинар аясында 7 «В» сыныбында «Менің әуес ісім – ас дайындау» тақырыпты ашық сабақ өтті. Мемлекеттік стандарт талабына сәйкес танымдылық, дамыта оқыту және тәрбиелеу ұстанымдары сақталды. Сабақтың мақсаты: 1.тақырыпқа қатысты мәлімет беру, оқушыларды өз пікірін айта білуге үйрету, сөздік қорын молайту. 2. Сөйлеу мәнерін, жазу дағдыларын дамыту. 3. Асты қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша өз пікірлерін жаңа сөздерді қолдана отырып жеткізуге тырысты. Сабақта қолданылған үлестірмелі материалдарды еркін пайдалана жұмыс істеді. Сабақтың соңында оқушылар алған мәліметтер бойынша қорытынды жасай білді.

Оқушылардың даму ерекшелігін (ПДТ) ескере отырып, олардың берілген материалды қанағаттанарлық деңгейде игергені байқалды.

Сабақ заманауи талаптарына сай деңгейде өтті.