Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Заманауи талаптармен бір сапта.
19-10-2015 07:17
Заманауи талаптармен бір сапта.
№15 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі Қапсалықова Ш.Т.ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын (екінші) деңгей бағдарламасы аясында мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.Ол өзі алған білімді іс жүзінде іске асыру мақсатында мектепте «Заманауи сабақтың әдіснамасы» атты шығармашылық топ құрып,өз әріптестеріне теориялық және практикалық көмек көрсетіп отыр.Топ мүшелері- қазақ тілі мен әдебиеті мен шет тілдер мұғалімдері.Шығармашылық топ мүшелері жыл бойы мектепте өткен педагогикалық кеңестерге,теориялық-практикалық семинарларға қатысып ашық сабақтар берді.Коучингтерге қатысып өз тәжірибелерін ортаға салды.Бұл шығармашылық топтың негізгі міндеті- жалпы білім беру мектебі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі (ПДТ),(ЖТК) балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмысына жаңа тұрғыдан қарау. Әрине, шығармашылық топ басшысы Шынар Төлегенқызы осы міндетке орай шығармашылық топ тақырыбын оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін іске асыруға бағыттаған. «Оқушыларға оқудағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесу мәселелері бойынша мұғалімдерге кеңес беру стратегиялары», «Ерте жастағы балаларда өздігінен оқуды және өзін өзі реттеуді қалай дамытуға болады?», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдары», «Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау» тақырыптары бойынша теориялық және практикалық көмек мұғалімдердің алдында тұрған міндеттерді іске асыруларына көп көмегін тигізіп,іс жүзінде тиімділігін көрсетті. Шығармашылық топ жұмысына шығармашылық табыс тілейміз. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.