Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...»
23-09-2015 07:37
«Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...»
т3лдер куни

«Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...»

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қуанышым, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.

22 қыркүйек күні мектебімізде Тілдер күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Тілдер мерекесімен құттықтау сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Н.Красноперова тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.

Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, 4 «к» сынып оқушылары қазақтың ұлттық "Қара жорға» биін шабыттана орындады. 9 «б» сыныптың оқушылары Юля Газимова және Света Петрусева өздерінің қоңыр дауыстарымен «Туған жер» әнімен көрермен қауымын таңқалдырды. 7 «б», 8 «б» сынып оқушылары қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жаңылмай өлең шумақтарын айтып шыққандығы дүйім жұртты таңғалдырды. Тіл мерекесінің жоғары деңгейде өтілуіне бастауыш сынып оқушылары да атсалысты. Концерттік бағдарламаны ағылшын тілі және қазақ тілі мұғалімдері қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жүргізді.

Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз.

Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!