16-17 қыркүйек күндері аралығында біздің мектепте ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектептің актілі залында ата-аналар №1 емхананың ВОП бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Қалиарданқызы Айғожинамен кездесті. Алмагүл Қалиарданқызы 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге қызылшаға қарсы екпені уақытында егілуі тиіс екендігі туралы лекциясымен тыңдалды. Осы аурулдың салдары туралы айтты, осы екпенің жеке топтағы балаларға салынбайтынын атап өтті, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Жалпы жиналыстан кейін ата-аналар мұғалімдермен кабинетке барып сынып жетекші жиналысты жалғастырды.