Халыққа қызмет көрсету орталығы.
![Халыққа қызмет көрсету орталығы.](/media/img/blogs/58b286b9bcd77.jpg)
Ақпанның 24-жұлдызында Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдерімен № 15 жалпы білім беру орта мектебінде ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлерін жеткізу мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге жиылған ұжым ХҚКО-тары арқылы көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызметтердің түрлері жайлы ақпараттанып, олар бойынша сұрақтарға нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, интернет арқылы қызмет түрлерімен таныстырып өтіп, бұл қызмет түрлері арқылы үйден шықпай-ақ істің өте тиімді, әрі жылдам атқарылатынына көз жеткізді.