Сенбілік.
Көктем - керемет мезгіл. Жан-жануарлар оянып, талдар бүршік жарып, гүлденген шақ. Сол әдемі мезгілдің нұрға боянуына адамдар да қол ұштарын беруден аянбауда. Ортақ үйіміздің әсемдігіне бір кісідей ат салысып, мектеп ұжымы сенбілікке шықты. Мұғалімдер мектеп маңын тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жол жиегін әктеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірлесе ұжыммен қызу жұмыс жүргізілді. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік әкелсін!