Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептегі денсаулық күні.
11-09-2017 14:44
Мектептегі денсаулық күні.

Павлодар қаласы №15 орта мектебінде сенбі 9 қыркүйекте денсаулық күні өткізілді. Алдын ала дайындаған жоспар бойынша шараларға мектептің барлык сынып оқушылары қамтылды. Бұл шараның басты мақсаты : салауатты өмір салтын насихаттау. Жоспар бойынша мектептің спорт залында, даладағы ойын алаңдарында түрлі спорттық ойындар мен жарыс, эстафеталар қызықты өтті. Өткізілген шараларды атасақ: 3-4 сыныптарды көңілді эстафеталар, 5-6 сыныптар арасында пионербол, 7-8 сыныптар арасында қызықты жарыстар және 9-10 сыныптар арасында футбол ойындары өткізіліп, әділқазылардың әділ бағалауы бойынша жеңімпаздар аталды. Денсаулық күнін дайындаған және өткізген мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Султангазин М.К.,Киршина В.В., Дүйсенов Р., Хациева О.А. және сынып жетекшілері. Денсаулық күніне жоспарланған іс-шаралар ойдағыдай өтті.