«Рухани жаңғыру».
14 қазан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4 "б" сыныбында, сынып жетекшісі З.С.Жакупова, «Мой взгляд в будущее – Менің болашаққа бағдарым» атты сынып сағаты өтті. Шараның мақсаты: балалардың патриоттық сезімін, азаматтығын тәрбиелеу; әлемді қорғауға деген жеке жауапкершілігін қалыптастыру; ұлттық сезімін қалыптастыру болды. Балалар тақпақтар оқып, Қазақстанда тұрып жатқан халықтар арасындағы достық пен бейбітшілік туралы мақал-мәтелдер құрастырды. "Біз бейбітшілік үшін дауыс береміз!" шығармашылық шеберханасына қатысты. Балалар бейбітшілік көгершінін жасады.