«Ойын арқылы оқимыз».
Ойын баланың басты қызметі болып табылады. Ойынның көмегімен бала жетіледі. 2017 жылдың 14 қазанында №15 мектептің психологтары "ойын арқылы оқимыз" деп аталған ата-аналарға арналған сабақ өткізді.
Шараның мақсаты қарым-қатынасты қалыптастыру, балалармен бірге ойын қызығушылығын дамыту болды. Бұл жағымды эмоцияларды дамытып, балалардың когнитивті үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.