Телефон доверия
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қамқоршы күні
26-10-2017 16:35
Қамқоршы күні

Жыл сайынғы Қамқоршы күнін мерекелеу құрметіне мектепте аталмыш шараны өткізудің жоспары құрылып бекітілді.                                                                          Шараның мақсаты - қамқоршы отбасыларына балаларды асырап алып, тәрбиелеп отырған отбасыларына алғыс білдіру, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлығына алған адамдарды марапаттау болды. 2017 жылдың 26 қазанында қамқоршылардың қатысуымен "Жетім балаларға және ОБПР балаларға мемлекеттік қамқорлық" атты дөңгелек үстел өткізілді. Мектептің ДТЖО Л.Н.Красноперова сөз сөйледі. Өз сөзінде Любовь Николаевна қамқоршының  ата-ана сияқты бала өміріндегі рөлі аса зор екенін және бұл қажырлы еңбек екенін айтып өтті. Мерекелік шарада мектеп директоры Н.Ж.Шакенова қамқоршыларға олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтындары үшін алғыс хаттар табыс етті. Мектеп психологы А.А.Хамитова "Рахмет" деп аталған бейнеролик көрсетті.  Ол қамқоршылардың игілікті істерімен қатар оларға үлкен жауапкершілік артылып отырғанын  айтып өтті. Балалардың  жас ерекшеліктері мен туындауы мүкін қиыншылықтар туралы да айтып өтті. Мектепте тәрбие мәселесі бойынша әрдайым көмек көрсетуге әзір. Мектептегі сенім телефондары мен кризисті орталықтардың телефон нөмірлерін де естеріне сала кетті.  Әлеуметтік педагог Г.К.Сейсембаева жетім балалар мен ОБПР балалар мен олардың қамқоршыларымен сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері жиналып, кеңес беру сағатында дөңгелек үстел басында қаралу үшін әзірленді. Сауалнама жүргізудің мақсаты балаларды асырап алған отбасыларының психологиялық микроклиматын зерттеу болды. Бала құқығын қорғау бойынша инспектор А.К.Туртулова «Akhsert» ЖШС демеушілерін шараға жұмылдырды,"Ойна" орталығы басшысы Сейтенов Ахметжан Сапаргалиұлы қамқоршылар жиналған шараның шай ішуін ұйымдастыруға көмектесіп, азық-түліктер әкелді. Мектеп асханасының  арендаторы А.А.Ветвицкая шайға пирог пісірді.Қамқоршыларға мектеп әкімшілігі атынан олардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі үшін шын жүректен алғыстары  білдірілді.