Бесінші сыныптықтардың бейімделуі бойынша сабақ
![Бесінші сыныптықтардың бейімделуі бойынша сабақ](/media/img/blogs/59f72f04c99fd.jpg)
Бірінші тоқсанның соңында 5-сыныптықтардың ата-аналарына арнап мектеп психологтары бесінші сыныптықтардың ортаңғы буынға бейімделуі бойынша сабақ өткізді. Аталмыш шараны өткізудің мақсаты бейімделу кезінде психологиялық көмек көрсету мәселесінде ата-аналардың біліктіліктерін арттыру болды. Сонымен қатар, 12-13 жастағы балалардың психолого-физиологиялық ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Ата-аналардың қойған сұрақтарының барлығына жауаптар берілді.