13 қазан күні 2 "А" сыныбында "Ата-аналар беделі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың өткізілу түрі: топтық жұмыс
Мақсаты: -ата-аналарды "бедел" түсінігімен таныстыру; -ата-аналар беделінің түрлерін қарастыру; -балалар тәрбиесіндегі ата-аналар беделінің рөлін ашып қарастыру; -ата-аналар беделін қалыптастыру бойынша ұсынымдар беру.
Сонымен қатар, бастауыш білім беру мазмұнының жаңартылуы аясындағы мәселелер, сабақтардағы жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша, формативті бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.