Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1 "Б"сыныбындағы сынып сағаты
23-11-2017 14:45
 1

Павлодар қаласындағы №15 ЖОМ 1 "Б" сыныбында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Оның мақсаты "мейірімділік", "қатыгездік", "зорлық-зомбылық" түсініктерінің мағынасын ашу, жасөспірімдер арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеуге тәрбиелеу, оларға қарсы тұра білуді, кешірімді бола білуді, адамгершілікке тәрбиелеу болды.  Сынып сағатында балалар "Қуаныш - реніш" ойынын ойнап, топта қамқор, әділ болу, досыңды сыйлай  білу, досыңды қиын кезде тастап кетпеу, досыңның жетістігіне қуана білу, басқалардың кемшіліктеріне күлмеу және кешіре білу  сияқты "Достық ережелерін" дайындады.

Соңында балалар  "Зұлымдықсыз әлем" девизімен түрлі-түсті қағаздардан жасалған алақандарды  бекітіп қойды және мұғалім біздің сынып - кішкентай отбасы,-деп қорытынды шығарды. -Және де біздің отбасымызда әрқашан да мейірімділік, сыйластық, өзара түсінушілік болып, зұлымдық пен зорлық-зомбылық ешқашан болмағанын қалаймыз. Мен біздің бүгінгі әңгіме сіздерді немқұрайлы қалдырмайды деп үміттенемін.