Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
1-сыныптағы ағылшын тілі сабағы
02-12-2017 03:28
1-сыныптағы ағылшын тілі сабағы

Ата-аналардың көбі балаларының мектептегі табыстарын мұқият қадағалап отырады және оларды баласының мектеп бағдарламасын, оның ішінде ағылшын тілін  үлгеріп жүр ме деген ой мазалайды.  Бастауыш сыныптарына арналған Білім министрлігі ұсынған ағылшын тілінің  бірыңғай бағдарламасы бар. Дегенмен,  бұл бала бірінші сыныптан бастап жазып, оқып үйреніп кетеді дегенді білдірмейді.  Бұл кезде ағылшын тілінің меткептік бағдарламасы озып кету принципі бойынша  құрылуда. Бұл бала алдымен ағылшын сөздерін естіп, оны ойша көшіріп алуды үйренеді дегенді білдіреді. Сабақ кезінде балалар суреттерге қарап, әңгімені тыңдайды. Мұғалімнің сөзін қайталап, оларды өз беттерінше айтуды үйренеді. Басты назар ауызша сөзді дамытуға және сөз қорын  толықтыруға аударылады. Мектебіміздегі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мен келесі әдістемелік принциптерге жүгінемін: 1.Балалардың қимыл қозғалысын қамтамасыз ету. 2.қызмет түрін жиі өзгертіп отыру. 3.тілдік ортаға сіңіп кетуі. 4.Енгізілетін құрылымдарды бірнеше рет үйрету. 5.Материалды ұдайы қайталап отыру. 6.Баланы шет тілі көмегімен жалпы дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін ашу. Ағылшын алфавитін және дыбыстарын үйрету  ойын жарысы түрінде өткізіледі, біртіндеп оқушыны оқуға дайындайды. Ағылшын тілі сабағында әндерді үйрету оқытудың қосымша мотивациясын құрайды, сонымен қатар, әлеуметтік мәдени және мәдени аралық компетенцияны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мұғалім - Квашина А.В.