Елімнің атын айтсам – Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан,
Байлығымның атын айтсам - Қазақстан! Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында үшінші сыныптарда "Менің үйім, менің елім, менің Қазақстаным" атты сынып сағаты өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты патриоттық сезімді қалыптастыру, еліміздің рәміздеріне деген құрметпен қарауды, белсенді азаматтық бағытты қалыптастыру, туған ел тарихына деген қызығушылықты дамыту болды. Отан туралы тақпақтар оқылды. балалар "Менің Қазақстаным" атты музыкалық композиция дайындады. Мерекелік шашу "Шаңырағың биік, керегең кең болсын" деген сөздермен сүйемелденді. Сынып жетекшілері: Амренова С.А., Кургузенко М.Н., Нигматуллина Г.М.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні