«We enjoy English»
![«We enjoy English»](/media/img/blogs/5a82f8096946e.jpeg)
12 ақпан күні «We enjoy English» атты шет тілдері апталығының басталуына байланысты №15 ЖОМ-нің екінші аусымында оқитын оқушыларға арналған линейка болды. Мақсаты: Оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. Линейкада 5 «А» және «Б» сыныптарының оқушылары жұмбақтар шешті. Ағылшын тілі мұғалімі Шарипова З.Д. оқушыларды апта бойы өткізілетін шаралар жоспарымен таныстырды. Линейкаға директордың оқыту бөлімі бойынша орынбасары Айгазинова Г.М. қатысты.