«We enjoy English»
16 ақпан күні шет тілдері апталығының аяқталуына байланысты 5-сыныптарда "We enjoy English" атты викторина өткізілді. Оқушылар грамматика, лексикалық материал, диалог жүргізе білу бойынша жарысып, Англия жөніндегі білімдерін көрсетіп, кроссворд шешті. Оқушылар белсенді жұмыс жасап, сұрақтарға дұрыс жауаптар берді. 5 "Б" сыныбының командасы жеңіске жетті. Сурет конкурсы мен викторинаға белсенді түрде қатысқан оқушыларға грамоталар мен жүлделер тапсырылды.