Сенім телефоны
/Call-центр 8 7182 20-93-11/ 8 7182 21-91-90
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бастауыш мектептің пән апталығы
05-03-2018 20:42
Бастауыш мектептің пән апталығы

Біздің мектепте ақпанның 26-нан наурыздың 3-і аралығында бастауыш мектептің пән апталығы өтті. Апталық шеңберінде мұғалімдер ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізді.  4 "Г" сыныбында мұғалім Г.М.Кабиева "Жануарлар әлемінде" атты ойын-саяхат өткізді, 2-сыныптарда мұғалімдер Н.И.Савченко мен  А.С.Нукушеваның өткізген шаралары да осы тақырыпта болды. Аталмыш шаралардың мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген танымдылық қызығушылықтарын дамыту, жануарлар туралы білімдерін кеңейту, табиғатқа деген қамқорлықты тәрбиелеу болды.  Балалар жануарлар туралы документалды ролик көріп, жануарлардың атауларын тауып, оларды әр тілде айтып, олардың аттарын жинап, пазлдар құрастырды. 4 "Б" сыныбында  мұғалім З.С.Жакупованың өткізген "Менің отбасым" деп аталған шарасы да өте қызықты болды. Онда оқушылардың ата-аналары мен басқа да отбасы мүшелері қатысты. Балалар отбасыларымен бірге әндер, частушкалар  орындап, эстафетаға қатысты. 1 "Б" сыныбының мұғалімі Л.А.Сайдашева сауат ашу сабағында "Ч әрпі мен дыбысы" тақырыбында осы әріп пен дыбыс туралы ұғымдарын қалыптастырды. 1 "Г" сынып оқушылары мұғалімдері Г.С.Ахатовамен бірге "Математика еліне" қызықты да танымды саяхат жасады. Онда олар есептер шығарып, тапсырмалар орындап, салыстырып, сызулар сызды. 4 "В" мен "А" сыныбы оқушылары да саяхат жасады. Олар мұғалімдері С.Б.Манаповамен  және А.С.Курмашевамен  бірге  "Экологиялық жол" бойынша  берілген тақырыптың жалпы мәселелерінің шешімін іздеді. "Су - бұл өмір" атты экологиялық тақырып бойынша 3-сыныптардың оқушылары мұғалімдері Г.М.Нигматуллинамен, М.Н.Кургузенкомен және С.А.Амреновамен бірге энергияны үнемдейтін құрылғыны ойлап шығарды. Аталмыш шаралар өте пайдалы және қызықты болды.