Жалпымектептік ата-аналар жиналысы
Бүгін мектебімізде "Баланың рухани дамуындағы отбасының рөлі туралы" тақырыбында жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналардың белсенділік танытып, лекцияны мұқият тыңдап, оқушылардың отбасы туралы сауалнамаларының қорытындысына қызығушылық танытқанын атап өту керек. Ата-аналар жиналысының қорытындысы балаларына сабақтан тыс уақытта қатаң бақылау қажеттігі туралы шешімді бірауыздан қолдағандары болды. Сондай-ақ, ата-аналар түлектерімізді күтіп тұрған оқу орындары туралы ақпаратты да тыңдады.