Бүкіл Қазақстан бойынша тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-ы аралығында 10 жылдан аса уақыт бойы жыл сайын республикалық "Мектепке жол" акциясы өткізілуде. Аталмыш акция "Балаларға бірге көмектесейік" атты ұранымен өткізілуде. Бұл мейірімді шараға алғашқылардың бірі болып Павлодар қаласының №15 мектебі де атсалысуда. Мектеп ұжымы 20-дан аса демеушілер мен меценаттарға хаттар жазып, өтінімдер жасады. Мұқтаж балаларға алғашқы болып көмек көрсеткендер "Нұр Отан"париясының облыстық филиалы, жеке сот орындаушысы Мұрат Кабдул-Хамитұлы Қасенов, Павлодар қаласындағы "Халық банкі" филиалы, "Ақ отау" мейрамханасы, "Павлодар VITA іздешілері" ҚБ болды. Салтанатты жағдайда Мұрат Кабдул-Хамитұлы Қасенов конференция залында мектепбіміздің оқушыларына ата-аналары мен мұғалімдері алдында оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етті. Ата-аналар, оқушылар мен №15 ЖОБМ мұғалімдері атынан демеушілік көмек көрсеткен адамдарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
"Мектепке жол" акциясы