"Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын"
4-параллель сыныптарда «Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекет пен оның рәміздерінің маңызы туралы түсінік беру. Отанына деген партиоттық сезім мен сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздер бойынша түсініктерін кеңейту.
Оқушылар іс-шарада Отан туралы тақпақтар, туған жер туралы мақал-мәтелдер оқыды. Балалар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін көрсетті. Оқушылар Қазақстан туралы презентацияны қызығушылықпен тамашалап, «Өз Отанының патриоты мен азаматы» викторинасына белсенді қатысты.
Бақытты ел — бұл Отан,
Бәріне мен иемін
Біздің Отан — ұлы Отан
Ұлы Отанды суйемін.