Павлодар қаласының №15 ЖОБМ-де 2 "Б" сыныптары оқушыларымен «Ақ пейілді - күн сәулесі» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оның мақсаты - оқушылардың айналасындағы адамдарға деген мейірімі мен құрметін тәрбиелеу; олардың сыпайы сөздер туралы білімдерін кеңейтіп,оларды өмірде қолдана білуге үйрету; айналасындағы адамдардың және өз тәртібін бағалай білуді үйрету; сөйлеу мәдениеті дағдыларына тәрбиелеу; "мейірім", "достық" сөздері туралы түсінік беру; балаларды жақсы істер жасауға ынталандыру болды. Балалар жақсы және жаман істер жағдайында не істеу керектігі туралы, әрбір адамның іс-әрекетін бағалау бойынша бірнеше жағдайларды талқылады. Соңында балалар "Мейірім жолымен" әнін орындады.
«Ақ пейілді - күн сәулесі»