Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Халықаралық қыздар күні
11-10-2018 20:18
Халықаралық қыздар күні

Әлемдегі барлық қыздардың өз мерекелері бар. ООН Бас Ассамблеясы ресми түрде 11 қазан күнін Халықаралық қыздар күні деп жариялады. Бұл мереке алғаш  рет 2012 жылы аталып өтілді. Осы күні өткізілетін ресми түрдегі шаралар  қоғамға гендерлік теңдік пен дискриминация мәселелері туралы ақпарат беруге бағытталған. Ал әртүрлі тақырыптық акциялар мен кездесулер, семинарлар барлық қыздардың  әлеуметтік құқықтарының сақталуын атап өту қажеттілігіне арналған. Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндікті өткізу бойынша жасалған шаралар жоспарына сәйкес, "Павлодар қаласының №15 ЖОБМ" ММ-де аталмыш мереке аталып өтілді. Таңертеңнен бастап барлық қыздарды кезекші әкімші Д.Д.Мұқашев пен ұл балалар қарсы алып, қыздарға өз қолдарымен жасалған гүлдерді тарту етті. Қыздарға арналған құттықтаулар жазылған парақшалар вахтадан бастап барлық жерлерге жапсырылды. Күні бойы, үзілістер кезінде құттықтау шаралары жалғасып жатты.